"XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарының басталуына 30 күн қалғанда" тақырыбында баспасөз конференциясы өтті
2025-10-22 00:00
Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар алаңында "XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарының басталуына 30 күн қалғанда"тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Іс-шараға ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс жөніндегі басқармасының басшысы Марат Қаскербаев, ҚР Ұлттық Сурдлимпиадалық комитетінің президенті Серік Сәпиев және ҚР Ұлттық Сурдлимпиадалық комитетінің вице-президенті Азамат Қарлығашев қатысты.
Ұлттық сурдлимпиада комитетінің бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры.