Жаңалықтар

"Біздің сурдоспортшылар елді халықаралық аренада абыроймен таныстырады"

2025-10-22 00:00
"Біздің сурдоспортшылар елді халықаралық аренада абыроймен таныстырады. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан сегіз Сурдлимпиадада 42 медаль жеңіп алды — 8 алтын, 8 күміс және 26 қола. 2022 жылы Бразилияда өткен ойындарда біздің команда 29 медаль жеңіп алып, 13-ші орынға ие болды. Биыл Қазақстан 15-26 қараша аралығында Токиода өтетін Сурдлимпиада ойындарына жетінші рет қатысады. Елімізден сегіз пән бойынша 79 спортшы өнер көрсетеді", - деп атап өтті Серік Сәпиев.

Ұлттық сурдлимпиадалық комитеттің бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры.